Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайын жұртына қатысты шындықты мойындаған". Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты тың дерек шықты

13:07, 23 мамыр 2026

Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот процесі басталды. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұрты – Қарабалиндер әулетін өлтіргенін мойындаған. Бұл туралы Kursiv.kz басылымына сілтеме жасаған Alash.kz хабарлады.

Істі тергеген Атырау облысы полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Қажымұратов қылмысты ашу барысында 40-тан астам адамнан жауап алынғанын айтты. Олардың қатарында туыстары мен көршілері де болған.

Тергеу мәліметінше, бастапқыда ерлі-зайыптылар із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізілген. Кейін олардың банк есепшоттары тексеріліп, күдіктінің шотына ақша түсіп отырғаны анықталған. Сонымен қатар тергеушілер ауылға апарған такси жүргізушісін тапқан. Оның айтуынша, қараша айында ерлі-зайыпты мен баласын тасымалдаған кезде олардың жанында Мейрамгүл Мұқанғалиева да болған.

Іс аясында Ақбаян Мұқанғалиева да күдікті ретінде қарастырылған. Алайда тергеу барысында оның қылмысқа қатысы жоғын көрсететін деректер анықталып, оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Тергеушілер оның психикалық жағдайына байланысты толық жауап бере алмағанын да мәлімдеді.

Сот-психиатриялық сараптама Сұлтан Сәрсемәлиев үшін де тағайындалған. Тергеу дерегіне сүйенсек, ол қылмысқа баруына балаларын өз анасының жанында қалдырғысы келгені себеп болғанын айтқан. Сондай-ақ әйелінің бұл іске қатысы жоқ екенін жеткізген.

Қазіргі уақытта айыпталушыға адам өлтіру, ұрлық, алаяқтық және бөтеннің құжатын заңсыз пайдалану баптары бойынша айып тағылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар