Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайтыс болған Александр Машкевич Голощекиннің немересі ме? (ФОТО)

16:18, 24 наурыз 2025 1653

Жақында ғана қаза болған қазақстандық миллиардер Александр Машкевич Голощекиннің туысы ма? Бұл туралы Alash.kz сайты архив ақтарып көрді.

2015 жылы Abai.kz сайтында жарияланған Шәріпхан Қайсардың мақаласында Машкевичтің Голощекиннің немересі екенін алға тартты. Алайда, дәлел ретінде тек «Ашаршылық ақиқаты» атты монографияға сілтеме жасалған.

Бұл еңбекте Машкевич пен Голощекиннің байланысы туралы айтылған.

Расында Машкевич – Голощекиннің немересі ме?

Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» атты кітабында:

📖 “Ашаршылық ақиқаты” кітабы, 204-бет:

“Бүгінде көпшілік біле бермейді, бірақ миллиардер Александр Антонович Машкевич – 1931-1933 жылдары қазақ даласында ашаршылық ұйымдастырған Шая Голощекиннің ана жағынан туған немересі. Бұл мәліметті бізге ұзақ жылдар бойы Бішкек мемлекеттік университетінің экономика кафедрасын басқарған ғалым Мырзахметов Хамза Аленұлы жеткізген”,- деп жазылған кітапта.

Александр Машкевич – ENRC компаниясының ең танымал бизнесмендерінің бірі.

Машкевич – Израиль азаматы. Сондықтан америкалық Forbes журналы оны 3,7 млрд доллардәулетімен ең бай израильдіктер тізімінде 6-орынға қойған.

ENRC компаниясының бөлімшелері тек темір кенін өндірумен ғана емес, сонымен қатар жүк тасымалдаумен де айналысады. Атап айтқанда, Қытай шекарасындағы Достық арқылы жүк тасымалдау терминалы жұмыс істейді.

Павлодар облысындағы Қазақстан электролиз зауытында алюминий құймалары шығарылады. Глинозем бұл зауытқа “Алюминий Казахстан” АҚ кәсіпорнынан жеткізіледі – бұл да ENRC-тің бір активі.

Павлодардағы машина жасау зауыты Ресейге өндірістік крандар сатса, Ақсу электр станциясы Шығыс Қазақстан мен Батыс Сібірдің энергетикалық жүйелерін біріктіруге көмектеседі.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар