Уағызшы Жарқын Мырзатай асабарларға шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол инстаграм парақшасында жазды.
Асабалар ренжіп қалмасын. Бірақ, асабалардың қияметте қиын болады. Біреудің байын біреудің қатынымен билетіп, ішкізіп қояды. Қазақтың қыздарын қой сияқты аунатып қояды. Біріншіден, олардың бүкіл өмірі арзан күлкі. Содан, бір асаба қайтыс болып, жылдық асына бардық. Көпшілікке 3 минуттық видео көрсетті. Видеода асаба ішу, жеу. Әр құдашамен билеу, құдағилармен құшақтасу болып өмірі солай өткен екен. Қаншама некесіздерді билетіп, ойнатып, құшақтатып жатыр. Құдай сақтасын. Жігітті жерге жатқызып, үстіне қызды жатқызып ойнатқан. Сол жерде асабаның жағын айырып, ұйықтатып тастайтын жігіттер жоқ болғаны ма? Мен айтамын да, өлген бейшараның айыбын ашып, тыныш жатқызбадыңдар-ау деп. Қазақ айтады, сені тәрбилегендерге сөз келтірмейтіндей өмір сүр!, - деді ол.