Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жүрмін". Әнші Тамара Асар халқына жақсы жаңалығын жеткізді

17:13, 17 сәуір 2026

Танымал әнші Тамара Асар шетелде ем қабылдап жүргенін айтып, ерекше жазба жариялады, деп жазады Alash.kz. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жағдайын баяндап, қайтадан жүріп үйреніп жатқанын жеткізді.

«Әр жолы — алғашқыдай…

Шетелдемін. Алла сәтін салса. Үш күннен бері қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жүрмін.

Отырған жерден тұрып, мұздап қалған аяққа дұрыс тірелу — жетістік. Бір жаққа ауып кетпей, тепе-теңдікті сақтап, тік тұру — жеңіс.

Өз жайлылығына үйренген тәнді ауырсынуға қарамастан күрделі кезеңге бағыттап, оны еңсеру — ерлік. Бір қадамды мың мәрте қайталау — еңбек.

Ауырсыну мен шаршауға берілмей, алға ұмтылу — тағы бір жеңіс.

Ал әрбір нық әрі әдемі басылған қадам — бұйырса, жеміс.

Тән мен жанды бір Аллаға тапсырып, сабырмен қабылдау — рахат.

Бәрі өмірдегідей, ал өмірдің өзі спорт секілді», — деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар