Елге белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Журналист бұрынғы жұмыс орны Еуразия Бірінші арнасына қайта оралғанын айтты. Алғашқы бағдарламасы Атыраудағы трагедияға арналатынын жеткізді.
Ардақты ағайын, Сіздерге айтар қуанышты жаңалығым бар. Өзім түлеп ұшқан Еуразия Бірінші арнасына қайтадан тележүргізуші боп оралып жатырмын. Ең бірінші бағдарламам Атырау қаласындағы қайғылы жағдайға арналмақ!
Ардақты ағайын, бағдарламаның өміршең болуы үшін сіздерден қолдау керек. YouTube-пен бірге енді мені телеарнадан көре аласыздар!
«Анықтаймыз Руслан Өтепбаймен» бағдарламасын сенбі-жексенбі күндері 21:00-де Еуразия арнасынан көріңіздер!