Чемпиондар лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында ойын күнінің ең әсерлі сейвтер топтамасы жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Аталған бейнематериалда мадридтік "Реалға" қарсы өткен кездесуде көзге түскен "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза да бар.
Алматыда өткен матчтың алғашқы таймында ол Килиан Мбаппенің қақпаға бағыттаған соққысын шебер тойтарып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.
Үздік сейвтердің шорт-листіне Қалмұрзамен қатар "Галатасарай" қақпашысы Угурджан Чакыр, "Челси" қақпашысы Роберт Санчес және "Аякс" өкілі Витезслав Ярош енген.
Жанкүйерлерге сауалнама арқылы үздікті таңдауға мүмкіндік берілді: "Угурджан Чакыр, Санчес, Қалмұрза немесе Ярош? Кештің ең әдемі сейві кімнің еншісінде?" – делінген бейнероликтің астында.
Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойында испандық команда 5:0 есебімен жеңіске жетті.