Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайрат" келесі матчтарын Астанада өткізуі мүмкін: Клуб басшылығы шұғыл шешім шығарды

09:06, 22 қазан 2025 136

"Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев команда өз алаңындағы алдағы Чемпиондар лигасы матчтарын "Астана Аренада" өткізуі мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Alash.kz.

"УЕФА тарапынан ойын өтетін орынды өзгертуге рұқсат берілді. Соңғы шешім 5 қарашада өтетін "Интерге" қарсы кездесуден кейін қабылданады. Біз барынша Алматыда ойнағымыз келеді, өйткені өз алаңымыз бен ойыншыларымыз дайын. Бірақ ауа райы жанкүйерлерге қолайсыздық тудыруы мүмкін. Былтыр 12 желтоқсанда "Астана" мен "Челси" арасындағы ойында қатты суық болғаны бәріміздің есімізде", – деді Боранбаев.

Айта кетейік, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы келесі матчтары 9 желтоқсанда "Олимпиакосқа", ал 20 қаңтарда "Брюггеге" қарсы өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар