Қарағанды облысында теміржол апаты болып, бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 1 қыркүйек күні орын алған. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай «Қарағанды – Сұрыптау» станциясында болған. Теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өлімі тіркелген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары тарапынан тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.