Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Өскемендегі көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды

15:32, 25 ақпан 2025 182

Бүгін Өскемендегі көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, ер адамның денесі 25 ақпан күні таңертең Үлбі көпірінің астындағы спорт сарайының маңынан табылды. 

“Қаза болған ер адамның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сыртқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық пен ұрып-соғу белгілері анықталған жоқ”, –  делінген полиция таратқан ақпаратта.

Қазір полиция болған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғап, өлім себебін анықтап жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар