Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Оңтүстік Корея зауытынан Қазақстан азаматының мәйіті табылды

18:42, 10 наурыз 2026

Оңтүстік Кореядағы кәсіпорындардың бірінде болған өрттен кейін адам сүйектері анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қалдықтар оқиға орнында қаза тапқан 50 жастағы Қазақстан азаматына тиесілі болуы мүмкін, деп жазады Alash.kz.

Қайғылы оқиға 30 қаңтарда Солтүстік Чхунчхон провинциясында орналасқан гигиеналық бұйымдар (ылғалды майлықтар мен жөргектер) шығаратын зауытта орын алған. Өрт салдарынан екі адам көз жұмған болатын. Қазіргі уақытта табылған нысандар тиісті зерттеулерден өтуде.

ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев Астанада өткен брифингте жағдайдың мән-жайын былай деп түсіндірді:

«Сараптамаға жіберілген мәйіт қалдықтары табылды. Бүгінгі таңда нәтижелерді біз әлі алған жоқпыз. Корей тарапы ақпарат берген бойда, марқұмның туыстарына міндетті түрде хабарланады».

Қазақстанның сыртқы істер ведомствосы бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Генетикалық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін, денені елге жеткізу бойынша тиісті шаралар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, жергілікті билік өрттің шығу себептерін анықтау бойынша тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар