Атырауда үш бала өзеннен өлі табылды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ақ Жайық жергілікті басылымына сілтеме жасап.
26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.
Оқиға орнына жеткен кезде, 2008 жылы туған балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталған. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің денесін судан шығарды.
Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.