Ақтөбе қаласындағы №38 мектептің жанынан ер адамның денесі табылуына байланысты құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады, деп жазады Alash.kz.
Оқиға қаладағы Сәтпаев көшесінің маңында орын алды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Полиция бөлімі осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді.
«Мәйіттің табылу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Қазіргі таңда күдікті тұлға әлі ұсталған жоқ, оны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар желіде өңірдің Қобда ауданында тағы бір осындай жағдай тіркелгені туралы ақпарат тарап үлгерді. Дегенмен, бұл мәліметті құзырлы органдар әзірге растаған жоқ.



Михаил Козачков (Телеграм арнасынан)