Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Алматыда 54 жастағы ер адам электросамокаттан құлап, қаза тапты (ВИДЕО)

17:49, 18 қыркүйек 2026

Алматыда Шығыс айналма автожолында (ВОАД) 54 жастағы ер адам электрлі самокатпен апатқа ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ол жеңіл автокөлікті басып озғаннан кейін басқаруға ие бола алмай, асфальтқа құлаған. Қатты соққының салдарынан басындағы қорғаныш шлемі ұшып кеткен. Сондай-ақ оның құлар алдында жылдамдықты сағатына 90 шақырымға дейін арттырғаны хабарланды.

Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері ер адамды аман алып қала алмады, ол алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кетті. Қазіргі уақытта полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы қаласында электрлі самокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 96 адам түрлі жарақат алған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар