Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар! Қазақ боксына еңбегі сіңген ардагер бапкер өмірден озды (ФОТО)

11:26, 12 қараша 2025 183

Қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған ардагер бапкер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Гайсич Вахитов 98 жасында дүние салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы хабарды Қазақстан бокс федерациясы растады. Ұйым марқұмның отбасына, туған-туыстарына және барша бокс қауымдастығына көңіл айтты.

«Қазақстан боксының ардагері Рафаэль Гайсич Вахитовтың өмірден озуына байланысты отбасына және барша бокс қауымдастығына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген федерацияның ресми хабарламасында.

Рафаэль Вахитов – Павлодар облысының тумасы, еліміздегі бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол ұзақ жылдар бойы бапкерлік қызмет атқарып, көптеген чемпиондар мен спорт шеберлерін тәрбиеледі.

Тәжірибелі маман ретінде Вахитов 1980 жылы «Боксерские перчатки» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт клубын құрған. Бұл клубтан талай дарынды спортшылар түлеп ұшты.

Бокспен қатар еңбек майданында да абыройлы болған Рафаэль Гайсич Тың игерушілердің қатарында еңбек еткен. Ал 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры атағына ие болған.

Рафаэль Вахитов – Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық спорт саласының мақтанышы. Оның еңбегі мен есімі қазақстандық бокстың алтын тарихында мәңгі сақталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар