29 қаңтарда Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылында 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға куәгерлері жансыз денені көше бойынан байқаған. Қарағанды облыстық полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталғанын және оның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның кенеттен денсаулығы сыр беріп, соның салдарынан құлап, көз жұмған.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты төмендегідей мәлімет берді:
«Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның денсаулығы сыр беріп, соның салдарынан құлағаны анықталды. Бұл факті полицияда тіркелді, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр».
Қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, өлімнің нақты себебін зерттеп жатыр.