Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен 59 жастағы ер адамның мәйіті 19 күннен кейін табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Ер адамның денесі оның жеке заттары анықталған жерден шамамен 100 метр қашықтықта, Жайық өзенінің екі метр тереңдігінен шығарылды.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында өзен жағалауы мен түбі жан-жақты тексерілген.
Еске салайық, Атырау қаласына ем алуға барған Мақат ауданының тұрғыны Талғат Назаров 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да Көкарна ауылындағы қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.