Алматы маңындағы таулы аймақта жоғалып кеткен 18 жастағы Ақылбек Нұрислам өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты құтқарушылар, еріктілер және Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бощ бала 2 шілде күні тауға серуенге шығып, байланыстан ажырап қалған. Іздестіру жұмыстарына жалпы саны 40-тан астам адам жұмылдырылған. 11 шілде күні сағат 07:30-да Алматы тауларында жүргізілген ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында РОСО ТЖМ, Алматы қаласы ТЖД, құтқару қызметі және еріктілерден құралған біріккен топ 3000 метрден жоғары биіктікте дронның көмегімен мәйітті тапты. ТЖД баспасөз қызметінің дерегінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Құтқарушылар мәйіт табылған жерге дереу аттанып, оны тасымалдауға кіріскен. Жолға кеткен уақыт 2,5 сағаттан асқан. Қазір нақты өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.