Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қабырғаға сүйеніп қалғып, мұңайып отырған түрлері жүрегімді ауыртты". Жолаушы әскерге бара жатқан сарбаздардың жағдайын ашып айтты

09:46, 09 қараша 2024 1308

Ерке Жазенқызы есімді белсенді әлеуметтік желіде әскерге бара жатқан сарбаздарға қатысты қарым-қатынастың сиқын мәлімдеді. Ол пойызға мінген сарбаздардың жағдайсыздығын көзімен көріп, жүрегі ауырғанын жеткізген, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Бүгін Түркістаннан Астанаға поездбен келдім.
Мен мінген вагонда армияға бара жатқан, Түркістанның әр өңірінен жиналған қырыққа жуық балалар болды. Бәрі 2005-2006 жылғылар екен. Көз алдымда бір-бірімен танысып отырды. Арасында үш орыс, бір өзбек бала болды. Бәрі сондай әп-әдемі. Негізі әр вагоннан билет алыпты. Бірақ қашып кетпесін деп бәрін бір вагонға жинап, форма киген бір еркек қарап жүрді. Арасында вагонға итпен де кіріп шықты. Бір орынға екіден жайғасып, отырып қисайып ұйықтап, үстіңгі орындарға кезек ұйықтап келді. Тіпті үшінші жүк қоятын полкаларға да жатқандары болды. Бірнеше баламен сөйлесіп қалдым. Қарағандыға барамыз. Өз еркімізбен бара жатырмыз. Бір-екі жолдан ұстап алғандар да бар деді. Кілең еркек бала жиналған вагонда қайдан таза ауа болсын. Аяқтарының исі масқара шығып, басым ауырды. Сонда да қабақ шытпадым. Себебі, неге екенін білмеймін көңілім босап, көзіме жас келді. Қолдарында не телефон жоқ. Бір простой нокиа беріп қойыпты. Қабырғаға сүйеніп қалғып, мұңайып отырған түрлері жүрегімді ауыртты, - деп жазды автор. 
Кейіннен жолаушы өз көрген-білгенін әріге өрбітіп, жас сарбаздардың жағдайсыздығына қынжылды:
Мен станцияларда шығып ауа жұтам, ішіп-жейтін анау-мынау сатып алам. Ал оларды шығармайды. Әр тоқтаған сайын мал санағандай кеп санап кетеді. Пакетте бір сутка жейтін арнайы тамақ болады екен. Соны таратып беріпті. Ішінде банкадағы икра, каша, борщ, заварка, печенье, қант, спичка, какой-то дәрі т.б. болады екен. Печеньесі қап қатты, дәмі жоқ. Жегілері келмей зорға жеп отыр. Арасында арба сүйреген бір әйел келіп кетеді. Содан сусын, жейтін анау-мынау сатып алады... Ақшасы жоқтар сол әйелдің телефонынан үйіне звондап, ақша жібертіп алды. Бір бала туалетте темекі шеккен екен, әлгі формадағы көкем біліп қойып ұрсып, 1-2 рет нұқып жіберді. Вагонды жинатты, мусор шығартты. Армиядағы неше түрлі сұмдықты естігеннен бе, жалпы балаларға жаным ашыды. Кей балалар еңселері түсіп,әлден аналарын сағынғандай, үрейленгендей көрінді... Түнгі оннан кейін отбой деп даже сөйлетпеді. Тек поездың тарсылдаған дыбысын естіп бәрі үнсіз қалды. Ал мен баламды ешқашан армияға жібермеймін, қалай да алып қалатын болам деп ойлап жаттым. Түнгі үш жарымда олар Қарағандыдан түсіп қалды. Іштей тілеулерін тіледім. Жаратушы жар болсыншы қазағымның ұландарына! Көлденең келген кесапатынан сақтасын! - деп жазды ол.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар