Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Пышақ іздері, шаншып-тығу жарақаттары бар” - Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа дерек шықты (ВИДЕО)

11:12, 13 қаңтар 2026

Өз ауласындағы сарай ішінен жер астына көмілген 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері туралы тың ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау облысының Жангелдин ауылында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет растады.

Әлеуметтік желіде жалған ақпараттар тарап жатыр. Яғни, ерлі-зайыптыларды тұншықтырған екен немесе өзге де денелеріне зақымдар келтірілген деген ақпараттар тарап жатыр. Алайда, полиция тарапынан мәлімдегіміз келеді. Олардың денелерінде пышақ іздері бар. Яғни, шаншып-тығу арқылы болған дене жарақаттары тіркелген.  Алайда, полиция мүрделерді сот-медициналық экспертизадан өткізді. Қазіргі таңда эксперттердің жауабы нақты келуі қажет. Нақты қандай жарақаттар салды? Және өліміне қандай жайттар әсер етті?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар