Ресей президентінің бұл шешімі Кремльдің ресми сайтында жарияланды. Бітім 11 сәуір күні сағат 16:00-ден бастап 12 сәуірдің соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Ресей әскері барлық бағытта соғыс қимылдарын тоқтатуы тиіс, деп жазады Alash.KZ.
Алғашында Украина тарапынан ресми жауап болмаған. Бұған дейін Владимир Зеленский Киевтің кез келген форматтағы атысты тоқтатуға дайын екенін айтқан еді. Оның айтуынша, Украина тарапы да Пасха кезінде атысты тоқтатуды ұсынған және осы ұстанымға сәйкес әрекет етеді.
«Адамдарға қауіп-қатерсіз Пасха керек және бейбітшілікке нақты қадамдар қажет. Ресейдің Пасхадан кейін де атқылауды қайта бастамауға мүмкіндігі бар», - деп түйіндеді Зеленский.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Владимир Путин Пасха мерекесіне орай үш күндік бітім жариялаған болатын.