Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Қызыл алаңда сөз сөйлеп, ардагерлердің ерлігі "Украина-Ресей соғысына қатысып жатқан сарбаздарға шабыт береді" деп айтты

15:00, 09 мамыр 2026

Владимир Путин Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысушыларды құттықтау кезінде жеңімпаз буынның ерлігі бүгінгі Украина-Ресей соғысына қатысып жатқан сарбаздарға шабыт беретінін мәлімдеді, деп жазды Alash.kz. 

Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаз ұрпақтың ұлы ерлігі қазіргі таңда «арнайы әскери операция» деп аталып отырған соғысқа қатысушыларға күш-жігер береді.

«Жеңімпаз буынның ұлы ерлігі бүгін арнайы әскери операция міндеттерін орындап жүрген жауынгерлерді жігерлендіреді. Олар НАТО-ның толық қолдауына ие агрессивті күшке қарсы тұрып жатыр», – деді Путин.

Сондай-ақ ол ресейлік сарбаздармен бірге жұмысшылар, конструкторлар, инженерлер, ғалымдар мен өнертапқыштар да ортақ мақсат жолында еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Путиннің сөзінше, техника мен соғыс жүргізу тәсілдері өзгергенімен, басты нәрсе – ел тағдырын шешетін адамдардың өзі.

«Еліміздің тағдырын адамдар шешеді. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері, қару жасаушылар, дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет қайраткерлері, дін қызметкерлері, еріктілер, кәсіпкерлер мен қайырымдылық жасаушылар – барлығы жеңіске өз үлесін қосып жатыр», – деді ол.

Ресей президенті табыстың басты кепілі моральдық және рухани күш, батылдық пен ерлік екенін айтып, «Жеңіс әрқашан бізбен болды және бола береді» деп қорытындылады.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар