Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Екатеринбург қаласында әзербайжандық азаматтардың ұсталуына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Alash.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз қабылданған шешімдерге шын жүректен өкінішімізді білдіреміз. Әзербайжан тарабы осындай қадамдарға итермелеген себептер мен жағдайларды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруы маңызды", – деді Песков.
Ол Ресей мен Әзербайжан арасындағы жақсы қарым-қатынасты әрі қарай дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі таңда Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің телефон арқылы сөйлесуі күн тәртібінде жоқ.
"Алайда мұндай сөйлесу қажет болған жағдайда, ол қысқа мерзім ішінде ұйымдастырылады", – деді Песков.
Еске сала кетейік, Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей билігін әрекетсіздік танытты деп айыптап, қылмыстық істің жабылып қалуына жол бермейтінін мәлімдеген болатын.