Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Әзірбайжан басшысынан басын иіп кешіріп сұрады

18:39, 28 желтоқсан 2024 2193

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевтен Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Кремль ақпараты бойынша, Владимир Путин Ресей әуе кеңістігінде орын алған қайғылы оқиға үшін ресми түрде кешірім сұрап, қаза тапқандардың отбасыларына «шын жүректен» көңіл айтты. Сонымен қатар, жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуді тіледі.

Путин әңгіме барысында азербайжандық Embraer 190 ұшағының Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға тырысқанын айтты. Сол уақытта Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық украиналық әскери дрондардың шабуыл жасап, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарды қайтарумен айналысқан.

Ресейдің Тергеу комитеті апатқа байланысты қылмыстық іс қозғап, алғашқы тергеу шараларын жүргізуде. Азаматтық және әскери сарапшылардан жауап алынып жатыр.

Қазіргі таңда Әзербайжанның Бас прокуратурасының екі өкілі Грозный қаласында Ресейдің Бас прокуратурасы және Тергеу комитетінің мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан және Ресей мамандары Ақтау маңындағы апат болған жерде тығыз әрекет етуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар