Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Әлиевпен екі рет сөйлесіп, кешірім сұрады - ПЕСКОВ

16:31, 09 қаңтар 2025 227

Ресей Ақтауда «Әзербайжан әуе жолдары» (AZAL) ұшағының апатын тергеу барысында барынша әділ және бейтарап жұмыс жүргізуге мүдделі. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің кешірім сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

“Бұл қайғылы оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін біз толыққанды әділ әрі бейтарап тергеу жүргізілуін қолдаймыз”, – деді Песков журналистерге.

Сондай-ақ, ол Ресей тарапы арнайы комиссияның жұмысы аяқталғанын күтіп отырғанын және ресейлік мамандардың тергеу барысында қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

“Президент Путин мен президент Әлиев екі мәрте телефон арқылы сөйлесті. Тергеу органдарына қажетті тапсырмалар берілді, апаттың себептерін анықтауда жан-жақты көмек пен ынтымақтастық жасалуда. Президент Путин бұл оқиға үшін кешірім сұрап, көңіл айтты”, – деді Песков. 

Еске сала кетейік, AZAL әуе компаниясының Баку-Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортындағы 67 адамның 38-і қаза тауып, 29 адам аман қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Ресей әуе кеңістігінде болғанда сыртқы физикалық және техникалық араласудың әсерінен апатқа ұшыраған.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін AZAL ұшағымен болған оқиға Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұраған еді. Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 29 желтоқсанда AzTV арнасына берген сұхбатында Әзербайжанның бұл оқиғаға байланысты үш талап қойғанын мәлімдеді:

1. Ресей тарапы ресми түрде кешірім сұрауы керек;

2. Өз жауапкершілігін мойындауы қажет;

3. Кінәлілер жауапқа тартылып, Әзербайжанға, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төленуі тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар