Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Прокурорлар Қайрат Құдайбергенді 8 жылға соттауды сұрады

20:18, 13 желтоқсан 2024 352

Прокурорлар Қайрат Құдайбергенді 8 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz порталына сілтеп. 

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 2024 жылдың 22 сәуірінде ұсталған еді. Сол жылы 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.

Қайрат Құдайбергенге Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар