Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісіне қатысты сот жалғасып жатыр. Прокурордың мәліметінше, оған алаяқтық, ақша жылыстату, гранит тақталарын ұрлауды ұйымдастыру, ағаштарды заңсыз кесу және жалған ақпарат тарату айыптары тағылған, деп жазады Alash.kz.
Айыптау нұсқасы бойынша, Боқаев 2025 жылы әлеуметтік желіде жемқорлықты әшкерелегендей көріну үшін құрылыс алаңынан гранит тақталарын ұрлатуды ұйымдастырған. Кейін оқиғаны видеоға түсіріп, әкімдік пен мердігерлерді кінәлаған.
Сондай-ақ прокурор Боқаев пен оның серіктестері Баум тоғайындағы 16 ағашты әдейі кестіріп, кейін бұл жағдайды тұрғын үй құрылысы үшін жасалған заңсыз әрекет ретінде көрсетуді жоспарлағанын мәлімдеді.
Бұл прокуратураның сотта жариялаған нұсқасы. Сотталушылардың кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана анықталады.