Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға қамауды өтінді

18:12, 22 тамыз 2024 373

Гүлмира Сатыбалды 13 жылға соттала ма? Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құқық бұзушылықтың жиынтығымен жазаларды ішінара қосқанда 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде түпкілікті тағайындалсын. Қылмыстық-процестік кодекстің 58-бабының негізінде №2 үкімді ескере отырып, Қызылорда қаласының 2023 жылғы 30 маусымдағы үкімімен жазаны ішінара қосу арқылы Сатыбалды Гүлмира 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге тағайындалcын", – деді прокурор.

Сонымен қатар прокурор екінші айыпталушы Мәди Батыршаевты алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкімнің аяқталмаған мерзімін ескере отырып, айыптаушы тараптың пікірінше, жалпы жаза 10 жыл бас бостандығынан айыру болуы керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар