Премьер-Министр Олжас Бектенов атом энергетикасын салу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл қадам ел халқы мен мемлекетке де айтарлықтай пайда әкелетінін айтты.
"Бізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам болып табылмақ. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша", - деді Үкімет басшысы.
"Проблеманы осы бастан шешпесек, онда экономиканың әрі қарай өсуіне қажетті электр энергиясын үлкен көлемде сатып алуымызға тура келеді. Көптеген елдер атом энергиясына иек артады", - деді Премьер-Министр.