«Қайрат» футбол клубының иесі, белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың Лондонда өткен «Алтын доп» марапаттау рәсіміне қатысуына байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ведомствоның таратқан ақпаратына сүйенсек, кәсіпкер Ұлыбритания астанасына сапары кезінде пробациялық бақылауда болмаған. Себебі, 2026 жылғы 1 маусымда сот Қайрат Боранбаевтың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) туралы өтінішін толық қанағаттандырған еді. Осы оқиғаға байланысты Nege.kz басылымы жолдаған сауалға ІІМ өкілдері кәсіпкердің шетелге шығуы заңды екенін нақтылап берді.
Еске салсақ, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы болып келетін Қайрат Боранбаев 26 қазанда Лондонда ұйымдастырылған әлемдік «Алтын доп» шарасының қонақтары арасынан көрініп, көпшіліктің назарын аударған болатын.
Ал оған дейін кәсіпкер 2022 жылғы наурызда квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқырды деген айыппен ұсталып, кейіннен жазасы бас бостандығын шектеу шарасына ауыстырылған еді.