Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Adal ADAM Youtube-арнасына сұхбат беріп, президенттікке үміткер болуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Енді оны уақыт көрсетеді. Бүгін кетейін деп жатқан жоқпын. Ондай ойым жоқ. Егер партияластарым ұсынатын болса, президенттікке үміткер боламын”,- деді Жигули Дайрабаев.