Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президенті Ильхам Әлиев Иранның бүкіл елшілерін елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдады

15:34, 06 наурыз 2026

Әзірбайжан Ирандағы дипломатиялық қызметкерлерін елге қайтарады, деп хабарлайды Аlash.kz.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов елдің дипломатиялық корпусын Ираннан шығару жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев елдің Ирандағы барлық дипломатиялық өкілдерін толықтай кері қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл бұйрық Тегерандағы елшілікке де, Тебриздегі бас консулдыққа да қатысты. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта осы бағытта тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Дипломатиялық дағдарыстың ушығуына бейсенбі, 5 наурызда болған оқиға себеп болды. Әзірбайжанның Нахичевань қаласындағы әуежайға ұшқышсыз ұшу аппараттары соққы берді.

Әзірбайжан билігі бұл шабуыл үшін Тегеранды айыптады. Президент Әлиев оқиғаны «террористік акт» деп атады. Иран тарапы бұл айыптауларды жоққа шығарып, соққының артында Израиль тұрғанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар