Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты

09:56, 16 қыркүйек 2024 437
 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды", - деп жазылған құжатта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар