Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Президент мырза, жоғалыңыз!” - Даниялық депутат Трампқа дөрекі үндеу жасады (ВИДЕО)

09:30, 21 қаңтар 2026

Даниялық депутат Андерс Вистисен Гренландияны сатып алу туралы мәлімдемелеріне байланысты АҚШ президенті Дональд Трампқа шүйлікті. 

Еуропалық парламент мінберінде сөз сөйлеген депутат Трамптың аралыға қатысты жоспарларына дөрекі түрде жауап берді.

Андерс Вистисен Америка басшысының әрекетін ерсі санап, оған тікелей үндеу тастады: “Сізге түсінікті тілде жеткізуге рұқсат етіңіз! Президент мырза, жоғалыңыз! Бізден аулақ жүріңіз”.

Еуродепутаттың бұл сөзі парламент отырысында үлкен дау тудырды. Оның сөйлеуіне этикаға жатпайтын тіркестерді қолданғаны үшін тыйым салынып, микрофоны өшірілді. Ресми түрде Вистисенге парламент ережелерін бұзғаны үшін бірден сөгіс жарияланды.

Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін де Гренландияны АҚШ-тың бақылауына алу немесе сатып алу идеясын бірнеше мәрте көтерген болатын. Дания билігі бұл ұсыныстарды әу бастан-ақ негізсіз деп танып, аралдың сатылмайтынын кесіп айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар