Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Премьер-лигаға қайта оралуына көмектескім келеді". Дастан Сатпаев «Бернлиге» ауысқаннан кейін сұхбат беріп, жақсы жаңалығын бөлісті

10:09, 15 тамыз 2026

18 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев «Бернли» сапына ауысқаннан кейін сұхбат беріп, жаңа клубтағы мақсаттары туралы айтты. Ол Англиядағы бұл кезеңді мансабындағы маңызды қадам деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сатпаев жаңа командаға келгеніне қуанышты екенін айтып, «Бернли» сапында өз мүмкіндігін барынша пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді.

«Мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Мен үшін бұл – мансабымда алға қадам жасауға берілген керемет мүмкіндік. «Бернли» – өзімді көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша клуб», – деді футболшы.

Қазақстандық шабуылшының негізгі мақсаттарының бірі – команданың Англия Премьер-лигасына қайта оралуына көмектесу.

«Командамызды өз орнында болуға тиіс Премьер-лигаға сүйреп, қайта оралуына көмектескім келеді. Бұл – менің ағылшын футболындағы алғашқы тәжірибем. Сондықтан алдымда жаңа кезең басталып жатыр. Мен оған дайынмын және «Бернлимен» бірге табысқа жеткім келеді», – деді Сатпаев.

Дастан Сатпаев «Челсиден» «Бернлиге» маусым соңына дейін жалға алу негізінде ауысқан. Бұған дейін қазақстандық футболшы лондондық клубтың негізгі командасымен маусым алдындағы дайындық жиынына қатысып, бірнеше жолдастық кездесуде алаңға шыққан.

Сатпаев 18 жасқа толғаннан кейін «Челсиге» ресми түрде қосылып, клубпен жеті жылдық келісімшарт жасасқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар