Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Пойыз жағдайына шыдамай адам қайтса да, бағалары тағы қымбаттамақ

09:54, 08 тамыз 2024 376

Желіде Көлік министрлігі 2024 жылдың 1 қазанынан бастап қазақстандық пойыздардың билеттерінің бағасын 20 пайызға көтереді деген ақпарат тарады. Tengri Travelоның мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Көлік министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Елімізде 140 жолаушылар бағыты жүреді, олардың 62-сіне тарифтің өсуі әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Сондай-ақ, соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) жүзеге асырылмағанын ескеру маңызды", - деп хабарлады ведомствода.

Жолаушылар вагондарының паркі 2 667 бірлікті құрайды, олардың 44 пайызы тозған.

"Вагондар паркін жаңартуды жеке де, ұлттық та тасымалдаушылар жүзеге асырады. Мәселен, 2023 жылы 118 бірлік, 2024 жылы 140 бірлік жолаушылар вагоны сатып алынды, ал 2025 жылдан бастап жыл сайын 200 бірліктен астам вагон сатып алу жоспарланып отыр, 2030 жылға дейін 1200-ден аса бірлік сатып алынуы мүмкін. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бойынша бағаны (тарифті) арттыру "Теміржол көлігі туралы" Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Пойыз билеттерінің бағасы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап көтеру жоспарланып отыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар