Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Полиция блогер Айжан Байзақованың ағасы Әлихан Байзақовтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

19:22, 07 тамыз 2024 213

Полиция белгілі қазақстандық блогер Айжан Байзақованың ағасы, блогер Әлихан Байзақовтың ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша тергеу әрекеттеріне тартылғанын растады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Желі парақшаларында Әлихан Байзақовты қомақты ақша бопсалады деген күдікпен ұстады деп мәлімделді. Сонымен қатар, тінту кезінде оның қаруы табылды.

Алайда бұл ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған жоқ.

"Алматы қаласының полиция департаменті аталған азаматтың полицияға куә ретінде жеткізілгенін хабарлайды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол босатылды", – деп түсіндірді өкілдік.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар