Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Польшада жоғалған қазақстандық әйел өлі күйінде табылды

10:37, 13 наурыз 2026

Польшада Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқанын растады, деп жазады Alash.KZ.

Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ведомство қаза тапқан әйелдің отбасымен және Польша құқық қорғау органдарымен байланыста екені хабарланды. Қазақстандық дипломаттар консулдық мәселелерді шешуге, соның ішінде марқұмның денесін елге жеткізуге көмектесіп жатыр. Бұл жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметтерге сәйкес, 42 жастағы Екатерина Шилова Варшава қаласында 18 ақпан күні жоғалып кеткен. Сол кеште ол Astana қаласына ұшуы тиіс болған, алайда рейске отырмаған.

Оқиға алдында оның телефонынан күмәнді хабарлама келгені айтылды. Хабарламада әйелге Германияда жұмыс ұсынылғаны және сол себепті әуе билетін тапсырғаны жазылған. Алайда туыстары бұл мәтін Екатеринаның әдеттегі жазу мәнеріне ұқсамайтынын айтып, хабарламаны басқа адамдар жазуы мүмкін екенін жеткізген.

Осыдан кейін қазақстандық әйелдің телефоны толықтай өшіп қалған. Кейінірек оның өлі табылғаны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар