Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Польша президенті НАТО-ның соғысқа дайындалып жатқанын айтты

12:21, 17 шілде 2024 932

Польша президенті Анджей Дуда wirtualna Polska порталына берген сұхбатында НАТО соғысқа дайындалып жатқанын хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Саясаткер Солтүстік Атлантикалық альянс Қорғаныс Одағы екенін еске салды, сондықтан оған ешкім шабуыл жасауды ойламайтындай күшті болуы керек екенін қадап айтты.

"Белгілі бір мағынада – иә. Рас. Ежелден қалған сөзбен айтсақ, "бейбітшілікті қалайсыз ба? Соғысқа дайындал", - деді поляк жетекшісі журналистің "НАТО соғысқа дайындалып жатыр ма?" деген сұрағына жауап бере отырып.

Дуда егер Ресей Федерациясы Украинада жеңіске жетсе, "Ресей мен Батыстың ықтимал соғысы өте жақын болады" деген пікір білдірді.

Вашингтондағы Альянс саммитінде Дуда әлем қайтадан қырғи қабақ соғыс жағдайында болғанын және НАТО-ға кіретін елдерді қорғаныс шығындарын арттыруға шақырғанын айтты.

Бұған дейін Польшаның премьер-министрі Дональд Туск НАТО-ға Украинаның батыс бөлігінде ұшатын Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің зымырандарын атуды ұсынды. Альянстың бас хатшысы Дженс Столтенберг бұл идеяны бағаламады. Ол НАТО Украинадағы қақтығысқа тікелей қатыспайтынын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?