Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Полицейлер шетелдік әйелді зорлаған»: Қонаев қаласындағы оқиғаның рас-өтірігі анықталды

09:24, 01 қазан 2026

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында шетелдік әйелді полицейлер зорлады деген ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғалып, екі ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл оқиға туралы алғаш Threads әлеуметтік желісінде жазба жарияланды. Жазба авторларының айтуынша, қылмысқа жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін. Сондай-ақ 28 жастағы әйел арызды «біреудің айтуымен» жазуға мәжбүр болғаны және кейін полицейлер оның пәтерін бақылауда ұстағаны туралы мәліметтер берілген.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған әйелдің арызы бойынша тергеу басталғанын растап, мәлімдеме жасады.

«Әйелдің арызында оқиғаның Қонаев қаласында болғаны көрсетілген. Алғашқы тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталды және жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп, оған тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар