Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пластикалық отадан кейін қайтыс болған". Ақтау қаласында қайтыс болған бұрынғы депутат ісіне қатысты «Қасиет» клиникасы мәлімдеме жасады

16:59, 23 мамыр 2026

Ақтау қаласында липосакциядан кейін қайтыс болған бұрынғы депутат Ербол Айтуов ісіне байланысты «Қасиет» клиникасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Alash.kz.

Клиниканың бас дәрігері Артур Тәжиев әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Оның сөзінше, қоғам айыптап отырған дәрігер аталған операцияны жасамаған. Сонымен қатар ол клиниканың лицензиясыз жұмыс істеп жатқаны туралы ақпаратты да теріске шығарды.

Клиника өкілдерінің мәліметінше, медициналық мекеме 2015 жылдан бері ресми лицензия негізінде жұмыс істейді. Сондай-ақ мекемеде анестезиология және реаниматология қызметтерін көрсетуге рұқсат бар екені айтылды.

Еске салайық, 49 жастағы Ербол Айтуов 4 сәуір күні липосакция жасатуға барған. Марқұмның жұбайының айтуынша, отадан кейін наркоз әсерінен оның қан қысымы мен қант деңгейі күрт көтеріліп, комаға түскен. Бір айдан кейін ол ауруханада қайтыс болды.

Марқұмның туыстары дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптап отыр. Ал Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексеріс барысында клиника жұмысында бірнеше заңбұзушылық анықталғаны хабарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар