Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Пысық қыз: 40 жастағы полицей 16 жастағы қызға қырындаған

09:27, 21 мамыр 2024 607

Полиция қызметкері 16 жастағы қызға қырындап,мазасын алып жүрген. Бұл туралы Немолчи.kz қоры мәлімдеді.

Алматы облысы, Жетіген аудандық полициясының инспекторы 1,5 жылдан бері қызға жазуын тоқтатпаған. Ең алғаш жазып бастағанда қыз небәрі 16 жаста болған. Ал полиция қызметкерінің жасы қырыққа таяп қалған. Қазір бойжеткен университетте оқиды.

Ол көмек сұрап қорға жүгінген. “Өтінемін, жауап берші”, “пысық қыз не істеп жатыр”, “менің тек сенімен араласқым келеді, басқа ештеңе сұрамаймын” деп жазған полиция қызметкері.  

Алматыға дейін іздеп барған.

“Алматы облысының полициясы біз сізден жағдайды ерекше назар бақылауға алуыңызды сұраймыз. Сіздің қызметкеріңіз Алатау қаласынан Алматыға университетке келіп, осы қызды іздеді, сыныптастары оны жасырып, аялдамаға дейін шығарып салды. Бұл өте қауіпті оғаш мінез. Бұл ересек адамға жас қыздан не қажет? Тергеу жүргізіңіз, оның телефонын алыңыз, ол оның алғашқы қудалау құрбаны болмауы мүмкін,” - деп жазды қоғамдық қор.  

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар