Петропавл соты белсенді Вадим Курамшинді әлеуметтік желіде «жалған ақпарат таратты» деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша айып тағылған, деп жазады Alash.KZ.
Іс белсендінің 2 наурыз күні Instagram және TikTok желілерінде жариялаған видеосына байланысты қозғалған. Видеода Курамшин «Конституцияны талқылаған жазбалар үшін адамдарды полиция қамап жатыр» деп мәлімдеген.
Сот отырысында Вадим Курамшин өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Айта кетейік, Курамшин бұған дейін Қазақстан түрмелеріндегі сотталғандардың құқығын қорғаумен айналысқан. Кейін өзі де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 12 жылға сотталған. Ол 2018 жылы түрмеден босап шыққан.
Петропавлда белсенді Вадим Курамшин 10 тәулікке қамалды
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026
«Анасын балағаттағаны үшін»: Әйелді өлтіріп, өртеп жіберген павлодарлық сотталды
17:46, 12 қараша 2026
«Әкесін көріп те алуға болады екен»: Төреғали Төреәлі ел күтпеген пікір білдірді (ВИДЕО)
17:30, 12 қараша 2026
«Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да…»: Рүстем Жаныаманов әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
17:03, 12 қараша 2026