Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Петербургтегі апатта қазақстандық қайтыс болды. Депутаттары "ортаазиялықты" айыптап жатыр

11:24, 11 мамыр 2024 883

Ресей, Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батқан автобустың ішінде Қазақстан азаматы болғаны хабарланды, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ақпарат көздерінің жазуынша, өзенге батқан автобустың ішінде Көкшетау қаласының тумасы, 28 жастағы Марина Ю. болған. Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде блог жүргізіп, табиғи косметика өнімдерін сатумен айналысқан. Васильев аралындағы Косой жерінде тұрған. 

Ресей думасының депутаттары автобус жүргізушісінің Орта Азия елдерінің бірінен келгенін,алайда Ресей азаматтығын алғанын айтты.

"Мен қазір видеоны көрдім. Жүргізушіде (автобус) жүрек талмасы болуы мүмкін, тергеу анықталсын. Бірақ мен бұдан әрі ештеңе айтпаймын деп ойлаймын. Тәртіп орнату керек", - деді Миронов Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде.

Депутат егер ресейліктер халқына "жеткілікті ақша төлесе", мигранттарсыз-ақ жетістікке жететінін қоса айтты.

Еске сала кетейік,  10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап,салдарынан жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол кейіннен ұсталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар