Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Перзентхана қызметкері лифт ішінде қысылып, көз жұмған". Оралда медициналық мекеме директоры сотталды

18:04, 24 желтоқсан 2025

Оралда облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры Жанна Дильманова төрт жыл бұрын лифт апатынан қаза тапқан қызметкерге қатысты істе сотқа тартылды, деп хабарлайды Alash.kz.

2021 жылдың 31 желтоқсанында 50 жастағы әйел Жұматова жүк лифтісі мен шахта арасындағы саңылауға қысылып, оқиға орнында қаза тапқан. Қазір іс қалалық қылмыстық сотта қаралуда. Дильмановаға Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша «Міндеттеріне салғырт қарау» айыбы тағылған.

Прокурордың айтуынша, лифт 1981 жылы шығарылған және қызмет ету мерзімі өткен, техникалық қызмет көрсету тиімсіз болған. Сол арқылы Жанна Дильмановаға айып тағылған. Прокурор Дильмановаға 2 жыл 6 айға дейінгі бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Алайда қорғау тарап бұл айыппен келіспейді. Адвокат Тамара Сәрсенова Дильманованың лифтердің техникалық жағдайына жауапты еместігін, оның міндетіне тек жалпы басқару кіретінін атап өтті. Сонымен қатар, лифт апаты мен қызметкердің өлімі арасындағы себеп-салдар байланысы нақты анықталмаған.

Сот тергеуі жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар