Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Педагогтардың қорғаны”. Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

12:54, 15 тамыз 2025 256

Астанада өтіп жатқан Тамыз конференциясындағы көтерілген мәселелер мен жақсы жаңалықтар туралы бұрынғы Оқу-ағарту министрі, мәжіліс депутаты Асхат Қанатұлы Аймағамбетов өз Facebook парақшасында сүйіншіледі, деп жазады Alash.kz.

Отырыста айтылған мұғалімдерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы,  өз пікірін ортаға салды:

Дәстүрлі тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тағы да ерекше тоқталып, прокуратураға жергілікті билік 2019 жылдан бері қолданыстағы, педагогтарды өздеріне тән емес жұмыстардан босататын және олардың құқықтарын қорғайтын заң нормаларын бұзған жағдайларды тоқтатуды тапсырды.

Аймақтардағы өрескел мысалдар – жазда мұғалімдерді су қоймаларының қасында кезекшілікке қою, мектеп бітіру кештері өткен мейрамханаларда кезекшілікке шығару немесе қалалық шыршаларды безендіруге жіберу– бұл заңды тікелей бұзу болып табылады. Әдеттегідей, Мемлекет басшысы педагогтардың қорғаны болды.

Ел арасында оқушының айыбы ашылса, оған жауапты ретінде ұстазды көру кең жайылған. Депутаттың сөзінше, бұл ретте ата-ана мен мұғалімнің ара-жігін ажырата білу маңызды. 

Бөлек айтатын мәселе– педагогтардың, мектептің және ата-аналардың жауапкершілігін нақты ажырату. Бірнеше жыл бұрын біз арнайы заңға мектеп пен ата-ана арасында әр тараптың құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілетін шарт жасау нормасын енгіздік. Алайда барлық мектептер бұл тетікті тиімді пайдаланып отырған жоқ, соның салдарынан көбіне «кінәлі» етіп мектепті шығарады.

Шын мәнінде, егер жасөспірім сабақтан тыс уақытта құқық бұзушылық жасаса, директорды немесе сынып жетекшісін жұмыстан босату– биыл бірқатар өңірде орын алғанындай– әділетсіз ғана емес, сонымен бірге заңсыз да. Дәл осы себепті біз бұл қағидатты одан да нақтырақ бекіту үшін біз арнайы түзетулер дайындадық: мектеп тек өз құзыретіне кіретін мәселелерге ғана жауап беруі керек, сабақтан тыс уақытта болған оқиғаларға емес.

Президент әрқашан педагогтар мен мектептерге толық қолдау көрсетіп, әділетті ұстанымды талап етеді: педагог өзіне қатысы жоқ оқиғалар үшін жауап бермеуі тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша нақты тапсырма берді. Бұл– тек әділет мәселесі ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің мотивациясын, беделін және ел дамуын сақтау мәселесі.

Айтпақшы, былтыр біз, депутаттар, мұғалімдердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізген едік. Ол кезде қорытындыда бұл нормаларымыщ қолдау таппады. Бірақ бүгін Президенттің тапсырмасынан кейін мұндай өзгерістер қабылданатынына сенімдімін.

Педагогтардың біліктілігін арттыру, олардың жағдайын жасау, қажетті инфрақүрылыммен қамтамасыз ету әрдайым Асхат Аймағамбетовтың назарында. Бұл жазбада да осы мәселе айтылған:

Мемлекет басшысы педагогтардың құқықтарын жүйелі түрде қорғап, білім беруді дамыту үшін барлық жағдайды жасап келеді.

Өйткені білім беру– стратегиялық сала. Мұнда ұсақ-түйек жоқ: мұғалімнің құқығын қорғаудан бастап мектептегі тамақтану сапасына дейін, интерактивті тақталардан жасанды интеллект курстарына дейін – мұның бәрі елдің болашағына салынған инвестиция.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар