Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда төрт оқушы белгісіз дәрі ішіп, уланып қалды

16:28, 15 қазан 2026

Павлодардағы мектептердің бірінде төрт оқушы белгісіз таблеткадан уланып, өздерін жайсыз сезінген. Бұл туралы  Alash.kz хабарлады.

Павлодар облысының білім басқармасы мәліметінше, мектептердің біріндегі оқу кабинетінде өткір иісі бар таблеткалар табылған. Сабақтан кейін төрт оқушының денсаулығы сыр берген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.

Оқиғаға байланысты мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізіп, жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара қолданған.

Ал Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, улану белгілерімен 2014 және 2015 жылы туған үш бала облыстық балалар ауруханасына жүгінген. Оларды кезекші педиатр тексерген.

Таблеткалардың құрамы мен балалардың неден уланғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар