Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодар облысында халықтың жерін сатқан басшы сотталды

09:52, 01 маусым 2024 612

Павлодар облысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталып, үш жыл түрмеге тоғытылды. Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген 80 млн теңгеге жуық шығынды өтеу міндеттелді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Мемлекеттік қызметкер Ертіс ауданындағы ауылдық округке тиесілі 3 мың гектар жердің құжатын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болады деп базаға жалған мәлімет толтырып, ірі шаруашылық иесіне беріп жібереді. Ал бұрын бұл учаскелерге малын баққан ауыл тұрғындары жайылымсыз қалған.

Павлодар облысы Прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің аға прокуроры Абылай Көшербаевтың айтуынша, мұндай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жерді жалға алу сомасы 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануына берілген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар