Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пәтерге басып кіріп, ақша бопсалап, аямай ұрып-соққан» - Атырауда болған оқиға елді шулатты (ВИДЕО)

10:34, 17 желтоқсан 2025

Атырауда әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қоғам назарын аударды. Жергілікті пабликтердің бірінде танымал блогер өзіне белгісіз қыз хабарласып, пәтер ішінде ер адамды ұрып-соғып жатқан сәт түсірілген видеоны жолдағанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Блогердің айтуынша, сипатталған жағдай қылмыстық ортада «аю қақпаны» деп аталатын схемаға ұқсайды. Бұл — адамды әдейі ыңғайсыз жағдайға түсіріп, кейін одан ақша бопсалау үшін қолданылатын тәсіл.

Бейнежазбада екі жігіттің ер адамды қатты соққыға жығып жатқаны, ал үшінші адамның оқиғаны телефонға түсіріп тұрғаны көрінеді. Қыздың сөзінше, жәбірленуші «олардың сіңлісімен бірге ұсталды» деген сылтаумен соққыға жығылған. Осыдан кейін өзін туыстар ретінде таныстырған адамдар келіп, ер адамнан ақша талап еткен.

Қыз сондай-ақ мұндай әрекеттердің бірінші рет емес екенін, бұған дейін де бірнеше мәрте қайталанғанын айтқан. Сонымен қатар кейбір қатысушылардың кәмелетке толмаған болуы мүмкін екенін де алға тартты.

Алайда оқиғадағы қыздың нақты рөлі әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Тергеу оның бұл іске бастапқыда қатысы болған-болмағанын және кейін не себепті блогерге жүгінгенін анықтамақ.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар