Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасов елге оралды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Паралимпиада жүлдегерін Астана әуежайында жанкүйерлері мен жақындары құрмет-қошеметпен күтіп алған.
Олардың арасында спортшының анасы да бар.
"Өте қуаныштымын. Ұлым өзінің жігерімен, ұмтылысымен осындай жетістікке жетті. Ол Парижге аттанғанда қорқып тұрдым, бүкіл Қазақстан сенім артты ғой. Тілеуін тілеп отырдық. Туымыз көтерілмей ұят боп қала ма деп қорықтым. Осындай хәлге жеткен балам үшін қуандым. Әйтпесе көпшілігі құлап кетеді ғой. Елімізге, туыc-бауырларымызға алғыс айтамын", - деді Еркін Ғаббасовтың анасы.