Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Пәкістанда мектептің шатыры опырылып, 28 адам қаза тапты

14:38, 15 қазан 2026

Пәкістанның Пешавар қаласында мектептің шатыры құлап, кемінде 27 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты. Қаза болған балалардың басым бөлігі 13 жасқа толмаған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазды  Alash.kz.

Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында сабақ өтіп жатқан кезде болған. Билік өкілдері қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін ескертті.

BBC-ге берген сұхбатында Леди Рединг ауруханасының баспасөз хатшысы Мұхаммад Асим тағы 19 адамның жарақат алғанын айтты. Олардың бесеуінің жағдайы ауыр.

Құтқарушылар үйінді астында әлі де балалар болуы мүмкін деп болжап отыр. Оқиға болған мектепте барлығы 110 оқушы білім алған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар